Қазақ әдебиетінде оқырманнан өз бағасын алып үлгерген, мүйізі қарағайдай ақсақал, аға ақын – жазушыларды былай қойғанда, әдебиетке енді келгісі бар, немесе келіпте үлгерген талапкерлер жетерлік. Бұл сөзімізге «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш», «Жұлдыз», «Жалын» басылымдарында сиректе болса көзге түсіп қалатын, балауса қол таңбалар куә. Олай болса, бүгінгі қазақ әдебиетіне келуге ынталы жастардан не жаңалық, қандай қарым күтуге болады деген сауалдың өз – өзінен туындайтында жөні бар.
«Мәртебелі поэзияның кешегі жағлауын ертеңге, яағни, бүгінгі жағалауға қосқан көпір міндетін атқарды. Шын мәнінде алтын көпір бола білді. Мен, алтынкөпірліктер поэзиясын Маралтай Райымбекұлы, Әмірхан Балқыбек, Жарас Сәрсек, Бауыржан Бабажанұлы, Нұржан Қуантайұлы, Батырболат Айтболатұлы, Әлібек Шегебай, Бақыт Беделханұлы, Дәурен Берікқажыұлы, Бақытжан Алдияр, Алмас Темірбай, Танакөз Толқынқызы, Айнұр Әбдірасылқызы арқылы танып білгім келді» – дейді Темірхан Медетбек. («Жұлдыз» журналы № 1-2 . 2008ж.) Ендеше, ұрпақ пен ұрпақ арасын жалғап жатқан, көзге көріне бермейтін жібек жіпті үзіп алмау үшін күресу – ұлтқа сын. Іздену батылдық көрсетіп, жаңа барлаулар жасау – өсудің кепілі. Бірақ, барлау өз тамырыңды өз қолыңмен қиюға, өз жапырағыңды өзің желге ұшыруға жұмыс істемеуі керек. Ұлы Мұхтар Әуезовтің «жыл келгендей жаңалық сезінеміз» – деп толқып, тебіреніп айтқан бағдарлық өсиетіндегі, тұтастай талантты бір буынның жолын ашқан, «Әдебиетке сұлу мінез әкелуші, үлкен мәдениетті, қасиетті әкелуші, нұрлы, жақсы, жарқыраған өрісі бар жастар...» керек деген тұғыры биік, тумысы бөлек әулиелік сөздері бүгін де сөз жоқ өзекті.
Сонғы жылдарда жазылған өлеңдерде, әсіресе жастардың шығармаларында Тәңірге табыну, Аллаға сыйыну, Құранды көбірек тануға, білуге деген ұмтылыс басым. Өмірдің бүгінгі қым – қуыт қиындықтарынан шығар жол іздеп, жанұшырған жүрек пен ойдың Құдайға жалбарыну, ғарыш әлемімен тілдесу тісілі кең етек алып келеді. Бұл – осыған дейін тану мен таразылаудың басты өлшем құралы болып келген комунистер ілімінен қол үзген дәуірдің мінезі. Сосын, бір әттеген –айы писсимистік бағытағы өлім, ажал тақырыптары да жиі кездеседі. Қазір, ұлттық бояудан жұрдай, «посмодарнизм» деп аталатын өмірдің жалаң иллюзиясын жасауға тырысатын, өмір құбылыстарын әлеуметтік тұрғыдан талдаудан атымен ада, тек сырт нобайы ғана шындыққа келетін натуралистік бағыттағы әсіре реализим ағымы кең етек жая бастады. Әдебиет пен өнерді саясаттандыру ағымы ара – тұра атымен тұрпайы нигилистік, анархистік идеяларды тудыруда.
Сонымен бүгінгі әдебиет төңірегінде жүрген жастар қандай? Оларды не ойландырады, не толғандырады? Уақыт сарыны, заман екпіні шығармашылықтарында, қалай көрініс тауып жатыр? – іспетті сауалдарға жауап іздестіріп көрелік.
90 жылдардың бел ортасында өлеңге келгендердің ішінен Маралтай Райымбекұлы есімі ерекше айтылып жүр.
Маңдайымды сүйеп құлпы тасына,
Ата – анам мен бауырымның кеп басына.
Жазылмаған жырымды оқып тұрамын,
Қазылмаған қабірімнің қасында, – дейді күңіреніп.
Қазақ жырының есігін қоңыраулы жырымен, қоңыр үнімен ашып, бірде өрекпіп өртенген Нұржан Қуантайұлы өлеңдері, өз алдына бөлек әсерге бөлейді.
Ақ қар, көк мұз, ақ боран,
Көңіл қайда хал неде?!
Күн туғанда ақтарам,
Алла! – де, – деп ақжарма көңілден ақтарыла келген ақын, бірте – бірте шұрайлы тілмен шырай енген жырлар туғызады.
Ақын ретінде қалыптасқан жастардың бірі – Қазыбек Құттымұратұлы. Олай дейтініміз, Қазыбектің қай өлеңіл алсаң да, айтар ойы айқын, ұйқастары да құйылып түскен, бас – аяғы жұп – жұмыр болып келеді.
Монахтай масаң топтың ғұрпын сынар,
Сәтіңді күткен едім бір тыншығар.
Жоқ, әлі. Ақ бұлт көрсең сәлем айтшы –
Адасқан бәлкім менің бұлтым шығар,
Немесе
Тым әлсіз сәуле күмәнсіз,
Мұнарсыз қылды маңайды?.
«Аңсарым тек сіз шығарсыз» –
Деймін де көкке қараймын. Қазыбек өлеңдері баяу ғана, даланың жанға жайлы самалындай есіп отырады. Ішкі ұйқасқа құрылады. Жеп – жеңіл оқылады.
Безіндім! Мүлдем безіндім–
Аптабынан мұндай сезімнің!
Мас еркектер малтып өлердей–
Қарашығына қара көзімнің–сияқты өткір сезіммен елең еткізген Ақсұңқар Ақынбабақызы.
Қасиетті Қазғұрт баурайынан өлең құсын ұшырған Бақытжан Алдиярда сюжетті жырлар көптеп кездеседі.
Ұқсамаса ұқсамасын жорғаға,
Екеумізді шақыратын жол ғана.
Есениннің жатқа оқитын өлеңін,
Есегіне теріс мінген сол бала.
Немесе,
Қоян жылы болмаған деп қолайлы,
Қарап қойып Қосмола мен Қаржанға,
Насыр атам насыбайын орайды,
Нострадамус айтып кеткен болжамға, –деген шумақтардан байқауға болатындай, Бақытжан баяу қоңырлатып баяндап отырып–ақ, қоңыраулатқан ботасын жыр көшіне қосады.
«Төбемізде жұлдыз күліп,
Аппақ әсем ай қарап,
Самал жел де тұрды үздігіп,
Жапырақты аймалап...», – деп мөлдірететін Нәзира Бердалының психологиялық параллелизмге құрылатын махаббат лирикасын,
Тулаған сайын анарың,
Бұла түн болып қарадым,
Улаған сайын жанарың,
Ұлы ақын болып барамын! –
сияқты Дәурен Берікқажыұлының асқақ та білікті жырларын,
Мәңгіліктер...
Мәнгі өлмейтін жаныма жаңғырып кел!
Шомылдырып сүтіне әппақ таңның,
Білегіңді анамдай талдырып көр, – деп өзінің жылы ағыстарымен өз тылсымына тартатын Бақыт Беделханұлының сыршыл поэзиясын сүйсінбей қуанбай, өртенбей, сілкінбей, серпілмей оқу мүмкін емес.
Танакөз Толқынқызы Еуропа ақындарын аудармадан емес, Француз тілінде шыққан кітаптардан түсінген. Сондықтан да болар оның әр өлеңіндегі ой мен идея, сезім мен ақыл бір– бірімен астасып жатады. Өлең құрылымында да жинақылық, тиянақтылық та бар.
Мәселен,
Жарық түннен үйрендім шаттануды,
Қара жерден үйрендім тапталуды.
Бұлақтардан үйрендім, жуып – шайып,
Мөлдірмін деп, пәкпін деп ақталуды...
Немесе
Қауызын ашқан гүлге де,
Сәулесін шашқан күнге де,
Жұлдызы жанған түнге де–
Атыңды ойып жазамын. Сөйтіп, Танакөздің жырлары қашанда төгіліп түседі.
Ақеділ Тойшанұлының өлеңдерінде қас – қағым сәттің әдемі көрінісін, әсерлі бейнелей қоятын шалттық басым.
Жанарыңның жалт еткен ұшқынынан жасырын,
Оқтын – оқтын кеудеме от енетін секілді.
Кірпігіңнің ұзыны – ай, қоя салсам ақырын,
Сіріңкемнің бір талын көтеретін секілді. Бұл – «Найза кірпік» деп аталатын бір шумақ өлең.
Көктем келді, гүл өмірге таңырқаймыз сүйініп,
Биыл әлем ерте оянды көктен несіп бұйырып.
Қарт құмырсқа өрмелеп ед тылсым дұға күбірлеп,
Жаңа шыққан жас балауса көтерді әрең иіліп. Бұл – «Көктем» атты тағыда бір шумақ жыр. Бейне бір ақын түйсігін түртіп өткен аяулы сәтті қаз – қалпында ұстап қалған кинокадрлардай.
Әлібек Шегебайдың өлеңдерінен көл көсір сағынышқа кез боласыз.
Тағдырым қанша дем берді,
Әлі де талай шыдармын.
Сағыну үшін сендерді,
Алыстап кеткен шығармын.
Немесе,
Күндерім сырғып әттеңмен,
Көңілді мұңмен көктеппін.
Өзіңді көрген сәттен мен,
Өмірге ғашық боп кеттім.
Алмас Темірбай – өлең өлкесінде, өзіндік үнімен танылған талантты ақын.
... Мен құдайға жақындап ем бір адым,
Құдай маған құшақ жая жүгірді...
Немесе,
Тас керең қоғам түсінсін қайдан сырымды,
Тас бауыр тірлік. Тас жүрек тағдыр. Тас – бәрі... деп күрсінеді.
Алмастың тағы бір ерекшелігі – сөзді ойната білуінде. Мысалы:
«Тәуелсіздікке түкірдім» осы бір тармағынан оның қоғамға өкпелі ақын екенін аңғарасың. Жоқ. Олай емес екен, өлеңнің жалғасын оқып көрелік.
Тәуелсіздікке түкірдім,
Түфә – түфә көз тимесе екен!.
Сезімі сергек, қиялы ұшқыр, жас талантты ақындардың бірі – Серік Сейітман.
«Шешеңнің...» өлеңінде:
Басымды ұрған маңдайшаға тым қатты,
«Шешеңнің...» деп менде еріксіз тіл қаттым.
«Ах, сволочь» деп есепші қазақ қыз,
Күй табаққа шетел әнін шырқатты.
Тұтқыны боп намыс атты ноқтаның,
Жүрегімнің өртенгені – ай от – жалын.
Жетесінде ұлттық болмыс жоқ қыздың,
Шешесіне әнін қосып боқтадым:
– «Өй, шешеңнің...!». Бұған қарап, дөрекі, ожар ақын деп санауға болмас. Өзі айтқандай: «ана тілін менсінбейтін міскінді, ана тілде боқтайтын ұл ибалы». Серіктің қай өлеңін алсаңызда азаматтық сарынның лебі есіп тұрады. «Бәтіңке» өлеңінде:
Аяқ киім бөленбес сая – нұрға,
Ей, бауырым сен оны аядың ба?!
Ешкімге ешкім бәтіңке болмасыншы,
Мен тозайын қазақтың аяғында!
Немесе, «Тал бесікте» :
Сендей абзал болғаныммен шарам не,
Адамдарға кешіп жүрген жылап күн. Мен де сендей тербеткім келеді, бірақ, «шарам не» деп қысқа жіптің күрмеуге келмейтінін айтып қынжылады.
«Қазақ әдебиеті» № 1. 13. 02. 2009ж. Санында жарық көрген жас ақындар өлеңін бір шолып өтсек.
Динара Мәлікова жырларында жан дүниесінің нәзіктіктен бұрын бұлқынған жүрек әмірі, «жалғандықтың жағын қарыстыруға» деген талпынысын құп көрдік. Өлеңнің болмыстан бітімі бөлек дүние екенін бағыт – бағдар еткені көрініп тұр.
Қиялыма сия алмаған екенмін,
Көрпем қапты ашылып, – деп назданады.
Төлеген Меллаттағы бұғаусыз бунақтар шұбалаңқылықты жасырып жапқысы келеді. Дегенмен, «қысқа шығарма қаламақының өгей баласы» деген кезең келмеске кеткен. Өлең қысқалығы – оқырман қалауы.
«Сатылған сәби үні»:
Қан саудалап, қақысына нан кеміріп жатсыңдар,
Мені неге саттыңдар?!
Немесе,
«Қазақтың бақытты қызы»:
Арманымды арытпашы,
Өтінем, темекі тартпашы. Бұл ақынға, публицистиканың тақырыбын өлеңге өзек етуге болмайтынын айтқымыз келеді. Көсемсөздің жүгін көркем поэзияға арту шынайы мөлдірлікті жоғалтып, өлеңнің нәзік тінін үзеді.
Қорытынды
Әдебиетші болуға ынталы жастың өзінің оң жамбасына келетін жанрды, дұрыс таңдаған – таңдамағанын қалай біле алар екенбіз, қиыны осы.
Әйгілі із кесуші Шерлок Холмстың «әдеби әкесі» Артур Конан Дойль алғашқыда драмалық шығармалар жазумен әуестеніпті. Олары кіл бір шимай – шатпақ, шикі дүниелер болса керек. Ешбір редакция жариялауға ықылас таныта қоймаған. Әдебиеттен көңілі қала бастаған бір тұста, редакцияға жолдаған кезекті бір драмалық туындыларының арасына ерігіп отырып жазған шытырман оқиғалы әңгімесін салып жібергені жазушының бағын ашады. Талапкердің почтасын құлықсыз ақтарыстырып отырған редактор, кездейсоқ осы әңгімені оқиды. Оқиды да бас шайқайды. Енді бірде редакцияға бас сұққан Артурға, сен драматургияны қойып, осы детектив жанрына көш деген кеңес береді. Қолайыңа келетіні осы дейді. Кім біледі, осы бір сәттілік болмағанда К. Дойль өмірден әдебиетте жолы болмаған көп драматургтің бірі болып өтіп кетер ме еді. Олай болса, әдебиетімізге келіп жатқан жастарымызға өз жолын адаспай тауып алар сәттілік тілеп қойғанымыз да жөн – ау. Әрине, мұндайда аға буын тарапынан байқалуға тиіс қамқорлық, ақыл – пікір, жанашырлықта қажет.
2009年12月4日星期五
Тікелей эфирдегі айтыс
Тікелей эфир—ақпарат таратудың ең тиімді құралы. Ресей тележурналистиканы зерттеу орталықтарының мәліметтеріне сүйенсек, тікелей эфир ақпарат таратудың ең тиімді де шынайы түрі болып табылады екен. Мұнда қайта түсіру, өңдеу, әрлеу деген болмайды. Десек те, ең алғашқы тікелей эфир тәжірибесіне отыз жылдан аса уақыт өтсе де, әлем тележурналистикасында мұндай ақпарат беру пішінінің дәстүрлі қалыбы әлі күнге қалыптаспай келеді. Аталмыш орталық мамандары тікелей эфирде көрсетілетін бағдарламаларға үлкен дайындықпен келу қажеттігін айтады. Осы жерде бүгінгі біздің әңгімемізге арқау болып отырған тікелей эфирде ұйымдастырылып жүрген «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Аламан айтыс» теледуманы екендігіне назар аудартқым келеді.
Жалпы, телевизиядағы айтыстың тарихына кеңірек тоқталар болсақ, «Айтысты» 1982-жылы алғаш рет ұйымдастырып, қадасын қаққан сол кездегі Қазақ теледидары әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясының бас редакторы С.Оразалинов болған. Айтыстың қазаққа қазақ екендігін танытатын, әрі теледидар табиғатына соншалық дайын тұрған қойылым екенін ескеріп, басшылар театрдан бәрін жазып алып алғаш көрсеткен еді. Жалпы, ұлттың рухын танытатын, өміршең хабарлар әдетте көрерменнің көңілінен шығып, талантты тележурналистің есімін әйгілейді. «Жұртшылықтың сағыныш ықыласын көргеннен соң біз телевизия енді өзінің айтысын өткізуге, көрсетуге көшсе дедік. Айтыс—журт аузында көптің көзінше туатын шығармашылық процесс. Ол өзі телевизия табиғатына тура келетін өнер. Өлең, ой, сөз көрерменнің көз алдына туады. Тоқырау тұманының арасынан шырылдап шыққан ақындар айтысының ащы шындығы әркімдердің шамына тисе керек. Әр айтыстан кейін телерадиокомитеттің төрағасы Камал Смайылов үлкен үйге шақырылатын. Қазақ киносы мен теледидарының көш басында жүрген Камал Смайылов халық рухы бойын тіктесе деп талай рет кілемге шықты» деген пікірлерді де оқып та жүрміз. Мұның барлығы да сол кездегі айтыс өнерінің қаншылықты деңгейде әлеуетті күшке ие болғандығын көрсетсе керек.
Әдебиет зерттеушісі М. Жармұқамедов: «Қашан да айтыс қоғамдық-әлеуметтік болмыстан тыс дамымайды. Оның құндылығының өзі де сол өнер шындығын қаншалықты терең әрі шебер бейнелейтіндігімен сипатталып отырады. Қарсылас екі ақын айтысында да сол шындық басты өлшемге айналады»-деген дәлелді тұжырым айтады. Демек, айтыс ақыны—өз дәуірінің ақ берен рухты адал перзенті. Айтыскер өзі өмір сүріп отырған кезең мен уақыттың көкейтесті мәселелерін сана зердесінен өткізу арқылы белгілі бір қорытындыға келеді. Бастау нүктесін ақиқат ауылынан алуды аумас бағыт, саналы мақсат тұтады. Бір ғажабы, ол оқу орнын бітірмеген сайын дала данышпандарының аузымен айтылып, әсем өрнекпен айшықталады. Оның жарқын мысалын «көшпелі академия» атанған Сүйінбай, Жамбыл, Бақтыбай, Түбек, Иса, Нұрхан т.б. ірі айтыс өкілдерінің әлеуметтік мазмұны өткір рухани мұраларынан көре аламыз. Айтыс — парасат пен пайымның, елдiк мүдде мен мұңның тоғысатын жерi.
Сөз өнерiне деген сүйiспеншiлiктiң ана тiлiмiздiң еңсесi түскен бүгiнгi күнде де еш өзгермеуi — ұлттық рухтың қазақтың кең сахарасын кезiп жүргендiгiнiң куәсi. Жұрт ақын сөзiне әлi де үмiт артады. Жазу-сызу жоқ заманда халқымызға тәрбие берген, тiлiн ұстартқан, ел мен елдi бiтiстiрген, қазақтың үш жүзiн еш уақытта бiр-бiрiмен жауластырмаған, ажыратпаған қасиеттi өнерiмiз осы айтыс болатын. Тамыры тереңге бойлаған бәйтеректi қопарып алып, өзге жерге отырғыза алмайсыз. Айтыс — қазақтың төл өнерi. Қанға сiңген қасиетi, дарыны. Ол — аса киелi өнер. Ерекше қабiлеттi қажет етедi. Ал, айтыскер — ел мен жердiң жоқшысы. Себебi, ақынның артында күллi халық тұр. Ол оның жақсысы мен жаманына жауапты. Мен ел алдына шыққан заманда, оған дейiн де айтыс осы талап биiгiнен көрiнген. Қазiргi айтыс эстрадалық болып кеттi. Ол жолдан тайды. Оның қайда барып соғарын ешкiм бiлмейдi. Бiз атты тағалағандай айтысты қайта тағалауымыз керек. Орнына қоюға тиiспiз. Өйткенi, сiлтелгелi тұрған балтаны тек айтыс тоқтата алады. Уәждi жырға сыйдырып, шымшитын кезде шымшып, бүлдiретiн жерде бүлдiрiп, күлдiретiн жерде күлдiретiн де сол айтыс. Жемқорлықпен күреске ақындарды жауып жiберiңiзшi, алаяқтардың аяғын көктен келтiрсiн. Ал қазiргi айтыс отбасылық тақырыптан әрi аса алмай қалды. Айтыскерлерiмiз мейрам, тойларда айтылатын дүниенi нанға май жаққандай етiп сахнаға шығарады. Айтыс өнерi үндi, араб, орыс, орта азия халықтарында болған. Бiрақ, бүгiнгi күнге аман жеткен — қазақтың осы айтыс өнерi.
ХХ ғасырдың басында айтыс елiмiзде әбден тоқыраған едi. Отызыншы жылдардың ортасында Жамбыл бастаған айтыскер ақындарды республика басшылығы Алматыға шақырды. Нартай, Орынбай, Кенен, Нұрлыбекке қолдау көрсету арқылы ұлттық өнердi билiктiң өзi жандандырды.
1961 жылы Алматыда ақындардың тұңғыш республиканың ғылыми-тәжiрибелiк мәжiлiсi өттi. Жетiсудан Кенен, Үмбетәлi бастаған, Арқадан Есдәулет, Балжан, Оңтүстiктен Жақып, Желеу, Мұқаш, Батыстан Құмар ақындар қатысты. Мiне, осы мәжiлiстен кейiн айтыс өнерiнiң тынысы ашылды. Жетпiсiншi жылдардың соңында, оның көркемдiк деңгейi көтерiлiп, сексенiншi, тоқсаныншы жылдары шырқау шыңына жеттi.
Айтыс — жеке адамның iсi емес, халықтық өнер. Мемлекет тарапынан қолдау болмаған кезде ол тоқырайды. Бұл өнердi жандандырудың мынадай жолдарын ұсынамын. Ең алдымен, айтыстың жарғысы болуы керек. Жазушылар Одағында арнайы кеңес жұмыс iстегенi абзал. Екiншiден, айтыс түбегейлi зерттеуге зәру. Жанрлары үзiлiп қалды. Тiптi, жоғалып барады. Айтыс — нағыз демократиялық өнер. Онда тежеу, шектеу болмауы керек. Бұл өнер лауазымға қарамауы тиiс. Қызыл шоқтай түскен жерiн ойып кетуi қажет. Жағымпаздық оның болмысына жат.
Халық ауыз әдебиетiн ерекше бiр түрi – айтыс өнерiнiң келешегiне жырсүйер қауым айрықша алаңдайтыны бесенеден белгiлi. Қазiргi заманда әсiресе жаһанданудың алпауыт аузы ашылып тұрған кезде жәудiреген жауһарларымызды шашыратып алып жүрген жоқпыз ба? Ұлттық өнер өрнегi болмашы ғана нәрседен тоқырап қалатынын ескерсек, шешендiк сөз өнерiн дағдарысқа түсiретiн келеңсiздiктер қоғамда жетiп жатыр. Нақтылап айтсақ, толғаныс пен тебiренiске толы ата сөзiне құлақ қоймаушылық, сөз қадiрiн түсiнбеушiлiк және сөз тыңдау, сөзге тоқтау мәдениетiнiң жоқтығы – айтыстың мәртебесiнiң өркен жаюына қашан да кедергiсiн тигiзiп келедi. Айтыс тек қазаққа бiткен қайталанбас өнер көзi.Айтыстың үлгiлiк – адамгершiлiк салиқалығын шымырлай түсу амалдарын табу ғылым дамуының басты шарты, дүниенi танудың, игерудің кілті. Әлемдiк әдебиетте ауыз әдебиетi әлдеқашан тарих еншiсiне кеткен болса, фольклор қазақ әдебиетiнiң бүгiнгi күн санатында бар жанды салаға айналуда. Қазақы қастерлiктiң қалтқысыздығы көпке аян. Қазақ адам сыйлауға келгенде алдына жан салмайды. Дәстүрлi адамгершiлiк нормаларымыз адамның үлкенi мен кiшiсiн танып бiлiп, бiрiне-бiрi жол берiп, сыйласудан, қошемет-құрметiнен танбайды. Кiшiрейiп сөйлесу – жалпы айтысқа тән құбылыс. Өзiң кiшiрейтiп, қарсы жақтың адамын биiктете, iзет тұта мәмiлелесу – биiк мәдениеттiлiктiң нышаны.
Айтыс ақынының айтар ойының белгіленген шеңберде шектеліп қалмау мәселесі тақырыпқа қатысты. Айтысатын жұптың тақырыбы мен ойға айғақ болар сөздерін күні бұрын белгілеу, ол—айтыс өнерінің болмысына жат, арқалы сайыстың дәстүрлі үрдісімен қиыспайтын келеңсіз жағдай. Айтыскерлер кешегі, бүгінгі қоғам, өмір, орта, күрделі мәселе, әлде сұрақ-жауап ретінде ме, әлде жұмбақ айтып, оның шешімін тап басып, өлеңмен табан астында беріп отыра ма, не мораль, адамгершілік, эстетикалық жайларға ауыса ма, қалай болғанда да көпшілік назарын аударатын мәселелерді жан-жақты қамтып, соған орай ай»тыстың түрі мен мазмұнын да өзгертіп, оған қажетті амал-тәсілдермен көркемдік бейнелеу құралдарын да түрлендіріп, жаңғыртып отырғаны жөн.
1997-жылдың 14-қазанында айтыстың жаңа тарихы басталып, екінші тынысы ашылды. Ол бүгінгі нарық кезеңінің талап-тілектеріне сай кәсіпкерлік-думандық сипат алып, өлең—өнімінің тауарға айналу үрдісін бастан кешіруде. Қазіргі айтыстың ішкі қайшылықтарға толы тұстарын меңзейтін айыптау мазмұндағы сұрақтардан биік тұрып, оның дара, әрі тың көркемдік құндылықтарын, әлеуметтік-саяси астарлы мәні мен зерделі көсемсөздік сипатын өлшеп-таразылайтын уақыт жетті. Ең маңыздысы—сахна саңлақтарының поэзия заңдылықтарына адамгершілік ары алдында адал болуы. Қай заманда болсын, айтыс ақындары заманының көкейтесті мәселелерін, қоғамның жетістіктері мен кемшіліктерін, өмір шындығын жырларына арқау еткен. Одан халықтың қуанышы да, қайғысы да, саяси-шаруашылық тұрмысы да, әдет-ғұрпы да, жалпы әлеуметтік және жеке адамдардың қарым-қатынастары да, заманына лайық өрбіген тартыстың формалары да көрінеді. Айтыскерлер заман шындығын алға тарту, оны өмір деректерімен тығыз байланыстыра жырлау арқылы көрермендер санасында әлеуметтік ой, қоғамдық пікір туғызады. Ана тіліміздің сарқылмас қазынасын шеберлікпен пайдалана отырып, жақсы мен жаманның, кемеңгерлік пен кертартпалықтың, ерлік пен ездіктің аражігін ашып көрсетіп, бұқараның дүниетанымына әсер етерлік, бағыт сілтеушілік, тәлім берушілік деңгейіне көтеріледі. Айтыс—жақсылыққа сүйсіндіріп, келеңсіз көріністерден жирендіретін насихатшылық тәрбие құралы.
Қазақ теледидары 2006 жылы айтыс ақындарының сөз аламанын ұйымдастырды. Алғашынды «Айтыс чемпионат» деген атпен көгілдір экраннан жарқ еткен теледуман кейiн «Аламан айтыс» деп өзгертiлді. Осы жерде теледуманды көрерменге ұсынып отырған шығармашылық ұжыммен танысып өткеннің артықтығы болмас деп ойлаймын.
Шығармашылық ұжым:
Продюсері: Ертай Нүсіпжанов
Қоюшы режиссері: Айнаш Тұрсынбекова
Режиссердің көмекшісі: Маржан Қанай
Редакторлары: Ерке Байжігітова, Айнұр Қалдарбек
Администраторы: Асқар Мағзомов
Жүргізуші: Ертай Нүсіпжанов
Тікелей эфир аптасына 2 рет
Жексенбі күні, сағ:14:20, 19:00.
Қазақстан» ұлттық телеарнасының қыркүйек айынан бастап эфирге шыққан «Аламан айтыс» теле-думанының ережесі:
Көмейінен жыр төгілген, еліміздегі суырып салма айтыскерлердің кәсіби деңгейін анықтап, нағыз айтыскерді таңдау мақсатында «Қазақстан» ұлттық телеарнасы республиканың әр аймағының айтыскерлерін өнер-додасына шақырады. «Аламан айтыс» ұлттық арна эфирінде әр жексенбі сайын өтеді.
«Аламан айтыс» тікелей эфирде жүреді және оның жеңімпазын теледидар және залдағы көрермендер мен тәуелсіз сарапшылар анықтайды
Айтыскерлерді іріктеу тәртібі:
1) «Аламан айтыс» бағдарламасына Қазақстанның 14 облысы және Астана, Алматы, Семей қалаларынан жалпы саны 36 айтыскер облыс әкімдігі арқылы іріктелініп алынады;
2) Айтыскерлердің жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды;
3) Айтысқа түсетін айтыскерлер алдын ала жеребе тастау арқылы жұптастырылады.
«Аламан айтыс» теле-думанының негізгі шарттары:
1. «Талдау». Айтыскерлерге алдын-ала (бір апта бұрын) берілген 5 (бес) тақырыптың біреуі белгіленеді, ақындар таңдалған тақырыпты жырлайды. Бұл бөлімге 20 минут уақыт беріледі;
2. «Самғау». Ақындар елдік деңгейдегі келелі мәселелерді көтеріп, ақындар бір-бірлеріне сұрақ қойып, жауап береді. Берілетін уақыт – 20 минут;
3. «Жалғау». Ақындар өзара қайымға түсіп, бірінің құраған төрт шумағын екіншісі жалғап айтып, кезекпен, айтылған ойды толықтырып отырадыЖалпы уақыт – 15 минут.
Айтыскерлерге қойылатын талаптар:
Нағыз айтыскерге тән суырып-салмалылық шеберлік;
Әдеби-нормалы тіл ережесін сақтау (Бұл талап орындалмаған жағдайда, ақынға қатаң ескерту беріледі. Ескертулер екі ақынның ұпай саны тең түскен жағдайда ескерілетін болады);
Әр бөлімге берілетін уақыттан аспау. «Талдау» және «Самғау» бөлімдерінде, кезектесіп айтысудың 3 минуттық регламентін сақтау;
Айтыскер айтыстың белгілі жанрларын қамтитын бөлімдерді жетік меңгеруі тиіс;
Ережеден ауытқуға болмайды;
Айтыскер өз бапкерімен келуі керек;
Айтыскердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды
Айтыскерлерге бір-бірінің мақамын (әуенін) қайталауға болмайды;
Айтыскер эфир болатын күннен кем дегенде 2 күн бұрын «Қазақстан» ұлттық телеарнасында болуы міндетті.
Ал осы ақындар айтысының теледидарлық нұсқасы қалың елге Нұржан Өмiрбаев, Бiржан Байтуев, Еркiн Садықұлы, Қуаныш Шарманов, Аян Сейiтов, Иранғайып Күзенбаев, Жандарбек Бұлғақов тағы да басқа жас ақындарды паш еттi. Олардың есiмдерi ел аузында жүргенiмен, бiлiм деңгейi, өмiр тәжiрибелерi қай деңгейде екендiктерiн көзi қарақты қауым жақсы бiледi. Елдiң атынан сөйлейтiн айтыскер ақынның қоғамдық сананы тәрбиелейтiндiгi ақиқат.
Айтыс - мазмұндық түр-сипатқа бай өнер. Сондықтан, айтыскер ақындарды тақырыппен шектеп, оларды белгілі бір шеңбердің аясымен ауыздықтауға болмайды. Себебі айтыс еркіндікті қалайтын өнер. Егер айтыскерлерді темірдей талаппен тізгіндеп, ақынның ой-өрісінің шарықтауына мүмкіндік бере алмасақ, онда хабардың сыртқы сипаты мен ұйымдастырылуына қаншалықты күш жұмсағанымен, айтыстың негізгі мазмұны өзін-өзі ақтамаған болар еді. Бірақ бұл олардың қалауына ерік беру деген сөз емес. «Аламан айтыстың» өзіндік талап-ережелері бекітілген. Мысалы, «Талдау» бөлімі қоғамдық сананы тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарымызды қамтуға, оны жаңғыртуға арналған тақырыптық айтыс түріне негізделген. Айтыс халықтың өнері болғандықтан ақындар қалайда сол халықтың қалауынан шығу үшін бар өнерін салады. Бұл бөлім ақынның өз талғамына ерік береді.
Алайда айтыскерлер еліміздің әр аймағының атынан қатысып жүргендіктен, «Самғау» бөлімі көбіне-көп әр аймақта болып жатқан қоғамдық мәселелер мен халықтың тұрмыс-тіршілігін жырлаумен көрініс тауып жатады. Ол әрине, әр ақынның ой ұшқырлығы мен талантына байланысты. Ал соңғы «Жалғау» бөлімінде ақындардан тек өлеңге ұйқас құру ғана емес, айтылған ойды өлеңмен өруі талап етіледі. Ол да ақынның тапқырлығына байланысты. Оның үстіне айтыскерлердің айтыс барысында табан асты айтатын ойларды дамытуы, оған деген қарсылас ақынның көзқарасы, дүниетанымы арқылы сөз аламанының мазмұндық сипаты айқындалады. Егер осы айтылғандарды ескерер болсақ, өлең мен өнер айдынына жексенбі сайын салған «желкеніміздің» текке тартылмағаны түсінікті болғаны. Сонымен қатар, көрермендердің жалығуына жол берілмейтін қалыптасқан тағы бір жүйе бар. Ол - ақындардың апта сайын ауысып шығуы мен жырланатын тақырыптың сан-салалығы. Жүрегі «қазақ» деп соғатын көрермендеріміздің көбейгені де айтыс өнеріне деген ынта-ықыластың көбірек ауғандығын аңғартса керек. Жаһандану кезеңі белең алып тұрған шақта, ұлттығымызды ғана емес қазақы болмысымызды сақтап, ұрпақ санасына сіңіру үшін мұндай хабарлардың санына шектеу қоймауымыз керек, керісінше олардың қатарын көбейтіп, сапа жағына көңіл аудару қажет деп санаймын. «Аламан айтыста» ақындардың айтысу тәртібі мен үздіктерді анықтау жолдары әлемдік олимпиадалық жүйеге лайықталып жасалған. Бұл үрдіс әлемдік тәжірибеде өзін-өзі ақтаған, даусыз әрі өте ұтымды, қалыптасқан жүйе болып табылады. Жобаға қатысқан ақындардың ішінен ең үздік ел ақындарын таныту үшін жұмылып жұмыс атқарып жатқандықтан, аймағында танылып жүрген жүйріктерді іріктейді. Сөйтіп, отыз алты ақынды төрт-төрттен топтап, оларды тоғыз топқа бөледі.
«Аламан айтыс» төрт кезеңнен тұрады. Жаңа телемаусымда тізгінін қаққан бұл жобаның алғашқы, іріктеу кезеңінің бірінші айналымы өткен жылдың желтоқсанында аяқталды. Бұл кезеңде ақындар өз тобы ішінде бір-бір айтыс өткізді. Осы жылдың қаңтарынан бастап іріктеу кезеңінің екінші айналымы басталды. Осы кезеңнің тәртібі бойынша әр ақын өз тобы ішінде барлық қарсыластарымен айтысып шығуы қажет. Қазіргі уақытта бесінші топ ақындары айтысып жатыр. Осылайша өз тобында барлық қарсыласын жеңген ақын келесі кезеңге өтеді. Бұл кезеңге таңдаулы он алты ақын іріктеледі. Екінші кезеңнен бастап жеңілген ақын қатардан шығып отырады. Сөйтіп, «Аламан айтыстың» биылғы жобасы шамамен шілде айының ішінде ақтық сайысын өткізіп, Алла жазса, биыл да жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар атанар ақынның есімі де анықталатын болады.
Үш айтысы нәтижесінде кемінде екі жеңісі бар ақындардың жинаған ұпайлары мен алған ескертулері ескерілетін болады. Нақтырақ айтар болсақ, айтыскерлердің уақытты өзара үнемдеулері үшін оларға үш минуттық регламент қойылған. Шекті уақыттан асып кеткен ақынға ескерту беріледі және дөрекілік танытып, «сөз арасын бөтен сөзбен былғаған» ақындарға тәуелсіз сарапшылар тарапынан қатаң ескерту жасалады. Міне, осы ескертулер келесі кезеңге іріктеу барысында олардың кейбіріне тұсау болуы әбден мүмкін. Тәуелсіз көзқарас танытатын азаматтардың біразы тұрақты. Бірақ олар бір айда бір, әйтпесе көп дегенде екі рет қана төрелік жасайды. Ал ұлттық арнада айына онға жуық айтыс өтеді. Оларды тұрақты қатыстыруының себебі, бір ақын жобада кемінде үш рет айтысады. Сондықтан, олардың бұрынғы шабысын байқап жүріп, кейінгі айтыстарымен салыстыра отырып нақты шешімін шығаруда тәуелсіз сарапшылардың тұрақты болуы маңызды. Олар еңбегімен елге танымал, айтысты жан-тәнімен түсінетін ел азаматтары. Руға, жүзге, тіпті жерлестікке жол бермеу үшін айтысқа шақырылған тәуелсіз сарапшылардың да сол айтысқа шығатын ақынның туып-өскен жерінен болмауы оларға қойылған басты талап.
Сөз қадірін түсінетін халықтың көз қуанышына айналған осы «Аламан айтыс» теледуманы төңірегінде ел ішінде әртүрлі пікірлер айтылып жатады. Пікірдің сан түрлі болуы—заңдылық. Дегенмен де мен осы жерде айтыс өнерінен хабары бар, айтыскер ақын Бақыт Жағыпарұлының пікірін назарларыңызға ұсынуды жөн санадым. « Биылғы тікелей эфирден беріліп жатқан айтыс «Аламан айтыс» деген атауымен сәл де болса халыққа жақындай түсті. Бұрынғыға қарағанда бөлім атаулары да қазақшаланды. Алдындағы «Айтыс чемпионат» деген аты сорақылау болатын. «Қазақстан» ұлттық арнасындағы айтыс осыдан 4 жыл бұрын басталған болатын. Баяғы «Хабар» телеарнасынан берілген (Республика Сарайында өткен) тікелей эфирдегі жекпе-жек айтыстың көшірмесі десе де болады. Бірақ бұл жерде студиялық құрылым бар. Көрермендердің ішінде екі ақынның жанкүйерлері екіге бөлініп отырады. Тағы бір мәселе Қазақтелекомнан ба, әйтеуір смс жүйесі бойынша дауыс беруде ұғымға сыймайтын нәрселер орын алып жатады. Ол жүйе баяғы жекпе-жек айтыста тәжірибе жүзінен өткен. Бұл жерде жершілдік, рушылдық деген мәселелер бой көтереді. Мәселен, ақындар сөздерін бастамай жатып біреуінің ұпай саны алға шығып кетуіне көзіқарақты көрерменнің «әттеген-ай» дері сөзсіз. Осыдан алып қарағанда мұны қазақтелеком жасап отыр ма, әлде ақындардың облыс, аудан, ауылдардағы жанкүйерлері ұйымдастырып отырғаны бізге беймәлім. Дегенмен осы смс-пен дауыс беру деген маған күмән келтіреді. Тағы бір мәселе, әр жексенбі сайын өткен соң бұл айтыс көрерменін жалықтырып алған сияқты. Өйткені, қайталау көп те, жаңалық жоқ. Себебі, бұл айтыстағы қыз-жігіттер де бұрынғы ақындардың мақамын қайталауда. Бір-екі ақында ғана мақамның өзгергенін аңғардым. Осыдан 3-4 жыл бұрын Сүгірдің термесінің мақамы айтыстың әуеніне ауысқан болатын. Сосын Мұхамеджанның мақамы бар. Бәрі де осы айтыста көрінуде. Оразалы жаңғыртып алып шыққан мақам да осында көрініс табуда. Бұған мен не үшін тоқталып отырмын?! Себебі, бір мақам қайталана берсе оның сөзі де мәнсіз көрінеді. Екіншіден, ақындарға берілген тақырып сол жерде таңдалғандай болып көрсетіледі. Бірақ, менің байқауымша, ол тақырып бір апта болмаса он күн бұрын екі ақынға да беріліп қояды. Яғни, олар өз көздерін ашып, дайындалып келеді. Мысалы, білім туралы тақырып берілсе екеуі де кідіріссіз дайындап келген сөздерін айтады. Ал соңғы «Жалғау» бөліміне келгенде екі ақын да мүдіреді. Осы жерде кемшіліктер көзге ұрып тұрады. Бұл бөлім ақындардан суырыпсалмалықты қажет етеді.ал олар болса үйден дайындап келген ұйқастарына ұйқас таппай сүрініп жатады. Айтыстың басындағы амандасуын осы бөліммен салыстырғанда онда жазба поэзияға бергісіз ойлар айтылады. Одан кейін тәуелсіз сарапшылар пайда болды. Сарапшылар да кейде «өткен ақынға есесі кеткен» деген сияқты пікірлерін айтады. Кейде әр сарапшы өз ойын айтып бір-бірімен сөз таластырып қалады. Негізінде олардың біріне-бірі өз пікірін таңуына жол бермеу керек.
Бұл айтыста ұлттық нақышта безендірілген студия теледидардан керемет көрінеді. Ал барабанның даңғыры құлаққа түрпідей тиеді. Ел арасында «Барабан айтыс» деген сөз де бар. Қазір көрерменнің бәрі де сауатсыз емес қой. Олар бәрін де ой елегінен өткізіп отырады. Аламан, бәге десе қаны қозбайтын қазақ жоқ. Ел-елдегі, мектеп, универсиетет қабырғасында жүрген дарынды, талантты жас ақындарды теледидар арқылы көпке танытуы—айтыстың жетістігі. Сосын жүргізуші қарапайым сөздерден жаңылысып, шатасып жатады. Ақындарды хабарлауда, таныстыруда сөз тіркестерін дұрыс қолданбайды. Болмайтын дүниелерді қолындағы папкасына қарап айтып жатады. Сондықтан да айтысты жүргізетін адам айтыстың құрылымын, табиғатын түсінуі керек. Сонда ол барлығын да қабыстырып отырады. Менің бұл пікіріммен біреулердің келіспеуі де мүмкін. Бірақ мен өз пікірімде қаламын.
Тағы бір айтатыным, кейбір ақындардың айтқан сөзі ұтымды, мәнді шықса да халық нашар ақынға дауыс беріп жатады. Негізінде шынайы өнер әділ бағалануы керек қой. Айтыс соңында жүргізуші ақындардың айтыс туралы өз ойларын сұрап жатады. Сол кезде ақындардың ішкі мәдениеттері анық көрінеді. Сондықтан да бұл жерде осы сұрау орынсыз сияқты. Аты «Аламан айтыс» бола тұра ақындарды уақыттан қысуы дұрыс емес. Бөлімдерге бөлудің де қажеті жоқ. Иә, телевидениенің уақытын бәріміз де түсінеміз. Сонда да ақындар тақырыпқа енді кіріп ойларын тарқатып келе жатқанда үзіп тастауы қиын. Дегенмен де талантты жастар көбейіп келеді. Мені сол қуантады».
Қорыта келгенде, халқымыздың өнерпаздық табиғатын, таланты мен дарын-қарымын танытатын, замана бойы жалғасын үзбей, бүгінге жетіп, ұлттық мәдениетіміздің айнасына айналған айтыс телеөнерде жаңа қырынан көрініп, жарқырай түсуде. Ол көгілдір экранға ұлттық табиғаттың өзіндік танымын, бет-бедерін айқындайтын жаңа бағыт, соны саланы алып келді. Айтыс теледидар арқылы шағын аудитория шеңберінен шығып, миллиондар қызыға тамашалайтын шынайы ұлттық өнерге айналды. Айтыс—үлкен аудиторияны талап ететін өнер. Екіншіден, бұл—табан астында жауаптасар, импровизациялық өнер. Міне, осы екі қасиет—олардың табиғи сабақтастығын анықтап қойған. Айтысты насихаттауға басқа БАҚ-та талап жасады. Айтыс мәтіндері газеттерде жарияланып, радиодан берілген болатын. Ал көгілдір экранның өзіндік қасиеттері мен көркемдік бейнелік құралдары оның әсерлілігін арттырып, айтыс өнерінің бүкіл қыр-сырын кеңінен ашуға негіз салды. Өткір сөз бен табан астында суырып салма өнерінің небір майталмандарының топ алдында көсіле жырлауына жол ашып, оларды өз ауылының ақыны аясынан ел мақтанышына айналдыра білді. Сөз соңын «Аламан айтыстың» продюссері әрі жүргізушісі Ертай Нүсіпжанов берген сыр-сұхбатпен аяқтасам деймін.
. Ертай Нүсіпжанов: « Айтысты кім ұйымдастырса да көрерменнің көңілінен шықса болды...»
«Аламан айтыста» тәуелсіз сарапшылар мен залдағы көрермендердің ақындарға берген дауыстары екіге жарылып жататындығы жөнінде осы айтыстың продюссері әрі жүргізушісі ретінде қандай ой айтар едіңіз?
Әр адамның өз ойы, айтар пікірі, сыни көзқарасы әртүрлі болатынын өзіңіз де білесіз. Сондықтан да мұны заңдылық ретінде қабылдауымыз керек. Біз «Аламан айтыс» теледуманына түсіп, бағын сынап жатқан ақындарға дауыс берудің 3 түрін белгіледік. Олар—тәуелсіз сарапшылар, залдағы көрермендер және тікелей эфирден тамашалап отырған көрермендер тарапынан жиналатын ұпайлар. Айтыс болған соң ақындардың сол жерде суырыпсалмалық қасиеттерінің арқасында қоғамдағы көптеген көкейкесті мәселелер айтылып жатады. Ол мәселелерге деген әр ақынның өз көзқарасы болады. Мысалы, біз екеумізге бір тақырыпта ой білдіру қажет болып жатса, екеумізде келіспеушілік, ойдың қарама-қайшылығы кездеседі. Сол тәрізді ақындардың сөз саптауы, суырыпсалмалық шеберлігіне қарай әркім әрқалай дауыс береді деп ойлаймын.
Айтысқа сөз өнерін жан-жақты зерттеп жүрген, ғылыми дәрежеге ие болған кісілерді тәуелсіз сарапшы ретінде шақырамыз. Тәуелсіз сарапшылар айтыс ақындарына деген кәсіби тұрғыдағы көзқарастарын білдіріп дауыс береді. Ал халық өзіне ұнаған ақынына дауыс беріп жатады. Сондықтан да біз олардың пікірлеріне қол сұға алмаймыз.
Осы айтыстағы дауыс беру жүйесінің өзгеруі үмітті ақтады ма? Қаншалықты әділетті болады деп ойлайсыз?
Бұл жүйе «Аламан айтысқа» шығып отырған ақынның өнерін әділ бағалауға негізделген. Біздің мақсатымыз—жүйені дұрыс құру. Ал айтыстың әділ өтуі немесе әділетсіздіктің орын алуы халықтың телефон, sms жүйесі арқылы дауыс беруіне байланысты.
Тікелей эфирдегі айтысты жүргізу кезінде сіз күтпеген тосын оқиғалар немесе қиындықтар кездесті ме?
Телевизияда хабардың жобасы жасалғанда оның жанры, формасы, мазмұнына қарай өткізілетін уақыты тікелей эфирде болмаса таспа түрінде берілетін болып бекітіледі. Әрине, хабардың сапалы шыққанын ойлайтын болсақ, өзің айтқандай тосын оқиғаға кездеспеу үшін оны көрермен назарына таспа түрінде ұсынған әлдеқайда тиімді. Ал енді кейбір хабарлар сөзсіз тікелей эфирді қажет етеді. Айтыстың өзі жеңімпаз ақынды таңдауда экран сыртындағы халықтың көзқарасын қажет ететіндіктен ақындардың суырып салма өнерінің арқасында айтылған ой-пікірінің ешқандай қысқартусыз халыққа жетуі болғандықтан да айтыс тікелей эфирде өтеді.
Бұрындары айтыс тек айтулы бір мерекелерде ғана ұйымдастырылатын. Ал қазір «аптасына екі рет өтіп жүрген «Аламан айтыс» айтыс өнерін арзандатып жіберді» деген пікірлерді құлағымыз шалып жатады. Сіздің ойыңызды білгім келеді?
Біз қазаққа ұлттық нақыштағы, қазақ тіліндегі, қазақтың салт-дәстүрін насихаттайтын хабарлар жиі болса екен деп үнемі айтып жүрміз. Ал жиі болған күнде де «көбейіп кетті» дегенді тағы айтамыз. Бірақ менің айтқым келіп отырғаны бұл емес. Жалпы бізде «телевизиялық маусым» деген жоба бар. Сол жобаның құрылымына сәйкес бұл айтысты өткізудегі мақсатымыз—«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танылған сол көп ақынның ішінен ең мықты деген дүлдүл ақынды таңдау. Енді осыған байланысты іріктеу кезеңдері өтуі керек қой. Жалпы мен «халық осы айтыстан жалығып жатыр» деген пікірлермен келіспеймін. Себебі, аптасына 2 айтыс өтсе де көтерілетін тақырып, келетін қонақтар да, тіпті залдағы көрермендер де жаңарып отырады. Әр жексенбі сайын өзгерген тақырыптар бойынша айтысатын ақындар да өзгеріп тұрады. Ақындардың жеке көзқарастары айтылады. Бір нәрсені кешке дейін созып айтып жатқан жоқ. Керісінше, күнделікті қоғамда болып жатқан жағдайларға ақындар халықтың өкілі ретінде дер кезінде пікір-көзқарастарын білдіріп отыр.
Жалпы «Аламан айтыс» идеясының авторы кім? Ұйымдастырушылары жайлы айтып өтсеңіз.
«Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирдегі айтысты былтырдан бері қолға алды. Алғаш рет ұйымдастырылып отырғандықтан да кемшіліксіз болды деп айта алмаймын. Былтырғы айтыс пен биылғы айтыс арасындағы өзгешелік жер мен көктей десек те болады. Алла бұйыртса, биыл да халық сүйіп тамашалайтын айтысқа тағы да бір өзгерістер енгізіп көрерменге ұсынуымыз мүмкін. Оны уақыт көрсетеді.
Ал, ұйымдастырушы топқа келер болсақ, бұл бір ғана адамның авторлық хабары емес. Былтырғы айтыстың ұйымдастырылуына бірнеше азаматтар қатысты. Оның құрамы биылғы «Аламан айтыста» өзгерді. Келесі жылы тағы өзгеруі мүмкін. Сондықтан да кім ұйымдастырса да айтыстың телевизиялық нұсқасы өз мақсатына жетіп, көрерменнің көңілінен шықса екен деймін.
Өскеменде өтетін айтысқа сізді жүргізуші ретінде шақырып жатыр дегенді естідік. Жалпы осындай еліміздің түкпір-түкпірінде өтетін айтыстарды жүргізуге ықыласыңыз бар ма?
Бұл жөнінде нақты ешнәрсе айта алмаймын. Себебі, ресми түрде әлі бекітілген жоқ. Келешекте жер-жерде айтыс ұйымдастырылып, оған жүргізушілікке шақырып жатса, неге бас тартамыз?!
Жалпы «Аламан айтысты» Жүрсін аға сияқты иемдене аласыз ба?
Менің мақсатым—кез келген қазақтың талантты ақын ұлдарын жарқыратып халыққа таныстыруға үлес қоссам болды. Бұл айтысты өзімнің жеке кәсібім ретінде жалғастырғым жоқ. «Бір бас жақсы, екі бас одан да жақсы» дейді ғой. Сол сияқты келешекте бұдан да мазмұнды айтыс ұйымдастырылып, оны біреу келіп қолға алып жатса оған да қуанамын. Ертеңгі айтыс туралы ешнәрсе айта алмаймын. Қазргі мақсат—осы айтысты соңына дейін үлкен абыроймен жеткізу.
Осы жақсы үрдіс келесі жылы да жалғасын табады ғой
Иә, сондай үміт бар. Былтырғы кеткен қателіктерді ескеріп, биыл өзгешелік енгіздік. Келесі жылы да халыққа ұнайтын қырларын ескеріп өзгеше ұйымдастырсақ деген ой бар.
Әңгімеңізге рахмет. Еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
Пайдаланған әдебиеттер
1. http://www.aikyn.kz
2. http://www.qazaq.kz
3. http://www.suhbat.com/
4. http://www.zhasalash.kz
5. http://www.massagan.com
6. М. Жолдасбеков «Қазіргі айтыстар» үш томдығы.
7. Қ. Тұрсын «Көгілдір экран құпиясы»
8. Қ. Тұрсын «Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары»
9. Ж. Әбдіжәділқызы «Тікелей эфир табиғаты»
10. М. Тазабеков «Айтыстар »

订阅:
博文 (Atom)